Құрметті абоненттер!

    «BTcom Infocommunications» ЖШС сіздерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін арттыру жоспарланып отырғаны туралы хабардар етеді.

      Жобаланған түзетулерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаяды.

      Назарларыңызға саламыз, «BTcom Infocommunications» ЖШС қызметтерінің тарифтері өзгеріссіз қалады, алайда қызметтердің соңғы құны жаңа ҚҚС мөлшерлемесін қолдануға байланысты түзетілетін болады.

Түсіністік пен сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Құрметпен,

«BTcom Infocommunications» ЖШС