Құрметті Алма ТВ және TVcom абоненттері!

«BTcom infocommunications» ЖШС «Қазтелерадио» АҚ-ның хабарламасына сәйкес, 2026 жылғы 22 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан Республикасы аумағындағы телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Жұмыстар жүргізілетін кезеңде телеарналар мен радиостанциялардың көрсетілімі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Шектеулер спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық теледидар желілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы радиохабар тарату желілеріне әсер етеді.

Профилактикалық жұмыстарды «Қазтелерадио» АҚ жоспарлы түрде жүргізеді және олар телерадио хабарларын таратудың тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін телеарналар мен радиостанциялардың көрсетілімі қалыпты режимде қайта қалпына келтіріледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін «BTcom infocommunications» ЖШС Байланыс орталығына хабарласа аласыздар:

Алматы қаласы

+7 (727) 2777-888

+7 (727) 2777-000

Астана қаласы

+7 (7172) 688-900