Мазмұны
ЖАРИЯ ШАРТ
Жеке тұлғаларға телекоммуникация қызметтерін көрсетуге
1. Шарттың мәні, оны Абоненттерге қолдану шарттары
1.1. Шарттың талаптарына сәйкес Байланыс операторы Абонентке телекоммуникация қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент оған көрсетілген Қызметтерге уақтылы және толық көлемде төлем жасауға міндеттенеді.
1.2. Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қосылу шарты болып табылады. Шарттың талаптарын Байланыс операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз бетімен белгілейді және оны жалпы қандай да бір ескерулерсіз және қарсылықтарсыз, Шартқа қосылу арқылы Абонент қабылдайды. Абонент Қызметтерді қосуға Абоненттің ниетін білдіретін, Жария шартқа қосылу туралы өтінішке (бұдан әрі – Өтініш) қол қою арқылы Шартқа қосылады.
1.3. Қызметтердің тізімі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Абоненттің Өтінішінде көрсетіледі.
1.4. Егер Байланыс операторында Абонент қол қойған Өтінішінің көшірмесі болса, Абонент Шартта оның қолы қойылмағанын, Шарттың оны оқымағанын/түсінбегенін/қабылдағанының дәлелі ретінде сілтеме жасауға құқылы емес.
1.5. Шарт барлық Абоненттерге қолданылады және бұрын Абонентпен жасалған телекоммуникация қызметтерін ұсыну туралы типтік шарттың орнын басады. Келісім күшіне енген күннен бастап Абонентке Қызметтерді көрсету осы Шарттың талаптарына сәйкес анықталады. Сонымен бірге (тіркелген абоненттер үшін) Өтінішке қол қою/қайта қол қою талап етілмейді. Шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда (қолданыстағы абоненттер үшін), Абонент Байланыс операторына 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Байланыс операторы сайтта және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) көрсетілген мекенжай бойынша Шарттың талаптарына қосылудан бас тартаныны туралы жазбаша түрде хабарлауға құқылы. Абоненттің көрсетілген мерзім ішінде Шарттың талаптарына қосылудан бас тарту туралы Абоненттен Өтініштің түспеуі, сондай-ақ Абоненттің осы Шартта көрсетілген талаптарды орындауы (Қызметтерді пайдалану, қызметтерге ақы төлеу және т.с.с.) Абоненттің Шарт талаптарын сөзсіз қабылдағанын және оның тұтастай Шартқа қосылуын білдіреді.
2. Қызметтерді көрсетудің жалпы шарттары
2.1. Байланыс операторы ұсынатын қызметтерді Абонент тек жеке, отбасылық, үйде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес басқа қажеттіліктер үшін пайдаланады, оларды викториналар, байқаулар, лотереялар, жарнамалар, дауыс беру, сауалнамалар және т.б. үшін пайдалануға болмайды.
2.2. Шартқа жаңа Абоненттерді қосу және/немесе басқа Қызметтерді қосу келесі шарттар орындалса мүмкін болады:
1) Абонент Өтініште көрсеткен бастапқы деректерде Қызметтерді көрсетуге техникалық мүмкіндік болса;
2) Қызметтерге жазылған кезде Абонент көрсеткен бастапқы деректер дұрыс болса;
3) Абонент қажетті құжаттардың толық бумасын ұсынса;
4) Абоненттің Байланыс операторына Абонент пен Байланыс операторы арасында жасалған байланыс қызметтерін көрсетуге арналған басқа шарттар бойынша қарызы жоқ болса.
2.3. Егер Абонентке абоненттік жабдықты жалға беру шарттарымен берілсе, жабдықты беру шарттары жалға беру тиісті шартпен анықталады. Жабдық меншік құқығы негізінде Байланыс операторына тиесілі қабылдау-тапсыру актісі бойынша және үшінші тараптардың алдындағы барлық міндеттемелерден босатылған, жақсы және пайдалануға дайын күйде беріледі.
2.4. Абонентке меншік құқығымен Абонентке тиесілі емес үй-жайда Қызметтерді көрсеткен жағдайда, Байланыс операторы Абонентке алдын ала төлем әдісі бойынша Қызметтерді көрсетуге құқылы.
3. Шарттың әрекет ету мерзімі және оны өзгерту және бұзу шарттары
3.1. Шарт Байланыс операторының www.btcom.kz сайтында жарияланғаннан және/немесе басқа БАҚ-да жарияланғаннан (тіркелген абоненттер үшін) немесе абонент Өтінішке қол қойған және Байланыс операторына өтініш берген күннен бастап (жаңа абоненттер үшін) 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді және заңнамада және Шартта белгіленген талаптарға сәйкес оны бұзғанға дейінкүшін жоғалтпайды
3.2. Байланыс операторы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып, Байланыс операторының сайтында орналастыру және/немесе басқа БАҚ-да Шарттың өзгертілген нұсқасын осындай өзгерістер және/немесе толықтырулар күшіне енетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы Шартқа өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізе алады. Абонент енгізілген өзгертулермен және/немесе толықтырулармен келіспеген жағдайда, Байланыс операторына осындай өзгертулер және/немесе толықтырулар күшіне енгенге дейін жазбаша өтініш жіберіп, Шарттан бас тартуға құқылы.
3.3. Шарт жазбаша нысанда көрсетілген Абоненттің бастамасы бойынша, Шарт бұзылған күнге дейін көрсетілген Қызметтер үшін Байланыс операторына берешекті төлеген және оған пайдалануға берілген абоненттік жабдықты қайтарған жағдайда бұзылуы мүмкін.
3.4. Абонент осы Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған шарттарды бұзған жағдайда, Байланыс операторы Шартты біржақты тәртіпте бұзуы мүмкін.
4.1. Шартқа сәйкес Абонент өзінің Өтінішінде көрсетілген таңдалған тарифтік жоспарға сәйкес Қызметтерді пайдаланады.
4.2. Қөрсетілген қызметтерге төлемді Абонент ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 25-ші (жиырма бесінші) жұлдызына дейінгі мерзімде төлейді.
4.3. Қызметтерге төлем екінші деңгейдегі банктер (кассалық-есептік бөлімшелер), төлем жүйелері, Байланыс операторының Қызметтері үшін төлемді қабылдайтын лездік төлем терминалдары арқылы және заңға қайшы келмейтін басқа тәсілдермен қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз төлем әдісі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
4.4. Абонентке барлық шоттар Байланыс операторының деректері негізінде ұсынылады. Бұл ретте Тараптар Байланыс операторының деректері осы Шарттың аясында Байланыс операторы көрсеткен Қызметтердің фактісі мен көлемінің дәлелі болып табылады
4.5. Шотты Абонентке өзі таңдаған әдіске сәйкес – қағазда немесе электронды түрде (абонент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, жеке кабинетке) жеткізу жүзеге асырылады.
4.6. Көрсетілген қызметтерге төлем жасау үшін шот (түбіртек) Абонентке пошта арқылы (немесе электронды пошта арқылы) жіберілген жағдайда, Байланыс операторы шотты жеткізу байланыстың тиісті пошта бөлімшесіне пошта корреспонденциясын жіберген (немесе сәйкесінше шотты Абонент көрсеткен электрондық мекенжайға жіберген) кезде міндеті орындалған болып есептеледі.
4.7. Шотты Абонент көрсеткен мекенжай бойынша курьер арқылы жіберген жағдайларда, Байланыс операторының шотты жеткізуді қамтамасыз етуі шотты тиісті пошта жәшігіне жеткізгеннен кейін орындалған болып есептеледі.
4.8. Шоттар бойынша наразылықтар мен ескертулерді Абонент алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде бере алады, бірақ бұл жағдай Абонентті ұсынылған шотты төлеуден босатпайды.
4.9. Егер Абоненттің наразылықтары негізді болса, Байланыс операторы келесі айда ұсынылатын Қызметтерге шотқа тиісті түзетулер енгізеді.
4.10. Көрсетілген Қызметтерге шотты алмаған жағдайда, Абонентті көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу міндетінен босатпайды.
4.11. Егер Абоненттің немесе үшінші тұлғалардың кінәсінен Қызметтер көрсетілмеген жағдайда (соның ішінде Қызметтер төлемді уақтылы төлемегені үшін ажыратылған кезде), Қызметтердің құны қайта есептелмейді. Байланыс қызметтерінің әрекетсіздігі кезеңі үшін төлемдерді қайта есептеу Абоненттің кінәсінен болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4.12. Қарыз үшін Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұрған (ажыратқан) жағдайда, осы кезең ішінде телекоммуникация қызметтеріне ай сайынғы абоненттік төлем белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептеледі. Шарт кез келген негіз бойынша (Тараптардың келісімі бойынша, Абоненттің немесе Байланыс операторының бастамасы бойынша) бұзылған сәттен бастап Қызметтерге төлем есептеу тоқтатылады.
4.13. Тарифтік жоспарлар, олардың әрекет ету мерзімі, оларға кіретін Қызметтердің көлемі, сондай-ақ Шарттың басқа талаптары Байланыс операторымен анықталады және Шартта белгіленген тәртіппен Байланыс операторымен өзгертілуі мүмкін. Үшінші тараптардың қызметтерін ұсыну шарттары осындай қызметтерді жеткізушілермен анықталады және тиісті жеткізушілер белгілеген тәртіпте өзгертілуі мүмкін.
4.14. Егер Байланыс операторы Шартта белгіленген тәртіппен Қызметтерге тарифтерді өзгертсе, Абонент белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін өзгертілген тарифтермен келіспейтіні туралы өтінішті Байланыс операторына ұсынбаса және Қызметтерді пайдалануды жалғастырса, көрсетілген Қызметтерге ақы төлесе және т.с.с., мұндай әрекеттер Абоненттің осындай өзгерістермен келісімі болды деп табылады.
5. Абоненттің құқықтары мен міндеттері
5.1. Абонент құқығы:
5.1.1. телекоммуникациялық қызметтерді қажет болған жағдайда оларды өтініш бойынша қосып, рұқсат етілген жүктемелер шегінде оған қажетті көлемде пайдалануға;
5.1.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізімге сәйкес төтенше оперативтік қызметтерді (медициналық, құқық қорғау, өртке қарсы, апаттық және басқа да қызметтерді) шақыру үшін телефон байланысын тегін пайдалануға;
5.1.3. Байланыс операторынан деректемелер, жұмыс режимі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі туралы қажетті ақпаратты алады;
5.1.4. алынатын Қызметтердің жиынтығы мен көлемін, сондай-ақ Байланыс операторына жазбаша өтініш (өтінім) жіберу арқылы оларды ұсыну тәртібін өзгерту; бұл жағдайда Абоненттің өтініші (өтінімі) егер Байланыс операторынан тиісті растау және/немесе Абоненттің өтінімді жіберудің басқа растауы болса, тиісті түрде жіберілген деп есептеледі;
5.1.5. өзінің нөмірін анықтамалық-ақпараттық қызмет абоненттерінің тізіміне енгізуден жазбаша түрде бас тартуға;
5.1.6. зияткерлік (лотереялар, дауыс беру, телевикториналар, викториналар, анықтамалық-ақпараттық қызметтерінің, танысу қызметтерінің) қызметтерді алуға келісім беру немесе бас тартуға;
5.1.7. Байланыс операторына жазбаша нысанда, сондай-ақ тиісті телефондар арқылы немесе электрондық поштаға көрсетілетін Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасы туралы хабарлауға;
5.1.8. Байланыс операторын жазбаша түрде хабардар етіп және оған нақты келтірілген шығындарды төлеп, сондай-ақ Шарттың бұзылу күніне дейін пайда болған берешек сомасын төлеу арқылы Шартты біржақты бұзуға;
5.1.9. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
5.2. Абонент міндетті:
5.2.1. Өтінішті дұрыс толтыруға, қол қоюға және Байланыс операторына (оның өкіліне) беруге, сондай-ақ олардың көшірмелерін Байланыс операторымен қағаз немесе электронды түрде сақтау үшін Абонент туралы ақпаратты растайтын құжаттардың түпнұсқаларын беруге;
5.2.2. Байланыс операторы оған көрсеткен Қызметтері үшін уақтылы және толық көлемде төлем жасауға;
5.2.3. Жабдықтар орнатылған немесе орнату жоспарланған жерлер және оны желілерге қосылған ғимараттар, үй-жайлар, басқару компаниялары және т.б. иелерімен Қызметтерді ұсыну үшін Оператордың қажетті қандай да бір жұмыстарды жүргізуімен байланысты барлық сұрақтарды өздігінен шешуге;
5.2.4. Байланыс операторына жабдықтар мен байланыс желілерін орнатуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда абоненттік құрылғылар мен байланыс құралдары орналасқан үй-жайларда және аумақта оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және түрлендіру үшін байланыс операторының өкілдеріне кіруді қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауға;
5.2.5. абоненттік жабдықты өз қаражаты есебінен сатып алу және оны күтуге және ақаусыз күйде ұстауға шығындарды көтеруге; шеткі абоненттік жабдық халықаралық электр байланысы одағы ұсынған халықаралық стандарттарға сәйкес болуы және оны қосу Байланыс операторымен келісілуі керек;
5.2.6. Байланыс операторынан жабдықты жалға алған жағдайда, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
5.2.7. тиісті шоттардың негізінде Абонентке жалға беру шарттары негізінде пайдалануға Байланыс операторы берген жабдықты пайдаланғаны үшін ай сайынғы төлемді Байланыс операторына төлейді;
5.2.8. Оператордың абоненттерге қызмет көрсету кеңселеріне хабарласқан кезде жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттарды ұсынуға;
5.2.9. байланыс Операторына төлеу: байланыс қызметтерінің жұмысындағы ақауларды/зақымдарды жою бойынша жұмыс, егер ақаулық/зақым абоненттің кінәсінен орын алса; Абонентке меншік құқығында немесе пайдалану құқығында тиесілі Жабдықты осы Шартта белгіленген тәртіппен Байланыс операторының қолданыстағы тарифтері бойынша жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін; Байланыс операторының Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және ақаулықтарды/зақымдарды жою жөніндегі жұмысының құны Байланыс операторы ағымдағы айға берген Қызметтер үшін шотта жеке жол тармағы ретінде көрсетіледі;
5.2.10. абоненттік желі мен терминалды өз үй-жайларында жақсы күйде ұстауға;
5.2.11. Қызметтерді пайдалану кезінде белгіленген техникалық талаптарды орындауға, Байланыс операторының жабдықтары мен байланыс желілерінің бүлінуіне және жұмысының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасамауға, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдар мен жабдықтарды (телефон аппараттары, факстер, модемдер, роутерлер және т.б.) жергілікті телекоммуникация желісіне қоспауға;
5.2.12. Байланыс операторына Қызметті пайдалану кезінде орын алған ақаулар туралы дереу хабарлауға, Байланыс операторының талабы бойынша Қызметтерді алу үшін қолданылатын терминал түрі туралы хабарлауға;
5.2.13. жабдықтың ақауларын өз бетінше жоюға, оны бастапқыда орнатылған орнынан жылжытпау, ашпау, электр желісінен ажыратпау, механикалық зақымдануға жол бермеу үшін шаралар қабылдамау керек; Байланыс операторының өкілдерінен басқа үшінші тұлғалардың жабдықтарға қол жетімділігін шектеуге;
5.2.14. авторландырылған, аутентификацияланған деректерді және Абоненттің сәйкестендіру кодын үшінші тұлғаларға жарияламауға, бұл рессурстарды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына жол бермейтін өзінің ресурстарын баптау үшін тиісті шараларды қабылдауға, үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына жол бермеу мақсатында Интернет желісіне кіруге арналған құпия сөзді және жеке кабинетке кіруге арналған құпия сөзді үнемі өзгертіп отыруға. Егер деректерді заңсыз пайдалану фактілері анықталса, бұл туралы www.btcom.kz сайтында көрсетілген Байланыс операторының байланыс телефондары арқылы дереу хабарлауға;
5.2.15. Байланыс операторы ұсынған жабдық пен байланыс желілерін өзінің атынан үшінші тұлғаларға ұқсас байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдаланбауға;
Қызметтерді тек жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметпен және пайда алумен байланысты емес басқа қажеттіліктер үшін пайдалануға; егер Оператор заңды тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге қызметтерді коммерциялық мақсатта пайдалануға беру фактісі анықталған жағдайда, Оператор жалға алушылар үшін осы абонент санатына тиісті тарифтер бойынша жалдау мерзімі ішінде Қызметтерді қайта рәсімдеуді талап етуге немесе Абонентке алдын ала 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабарлама жіберіп, біржақты тәртіпте Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға құқылы;
5.2.16. Байланыс операторына материалдық залал келтіретін дауыстық трафикті (соның ішінде IP-телефония трафигін) рұқсат етілмеген генерациялауды жүзеге асырмауға, басқа абоненттерді қасақана алаңдату мақсатында Қызметтерді пайдалануды болдырмауға, адамның қадір-қасиетін қорлайтын, зорлық-зомбылықты немесе экстремизмді насихаттайтын, нәсілдік, ұлттық арандатушылықты немесе діни араздықды тудыратын, бұзақылықты немесе айлакерлік мақсаттағы материалдарды таратуға жол бермеуге;
5.2.17. егер Қызмет дауыстық трафигін (соның ішінде IP-телефония трафигін) рұқсатсыз генерациялау мақсатында пайдаланылса, Байланыс операторының шығындарын толық көлемде өтеуге;
5.2.18. Қызметтерді және абоненттік жабдықты Байланыс операторының тиісті келісімісіз Өтініште көрсетілген мекенжайдан өз бетімен ауыстырмауға;
5.2.19. Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық заңнаманың талаптарына сәйкес таратуға тыйым салынған ақпаратты Байланыс операторының желісі арқылы жібермеуге;
5.2.20. Байланыс операторының сайтында Шарттың талаптарының, Қызметтерді ұсынудың тәртібінің және т.б. өзгеруі туралы хабарламаларды үнемі тексеріп отыруға;
5.2.21. Байланыс операторының жабдықтарын немесе бағдарламалық жасақтамасын баптап өзгертуге немесе олардың жұмысындағы ақауларға әкелуі мүмкін басқа әрекеттерді жасамауға;
5.2.22. Байланыс операторының немесе оның уәкілетті өкілінің рұқсатсыз, бағдарламалық жасақтама арқылы немесе авторлық құқықпен немесе басқа да құқықтармен толық немесе ішінара қорғалатын басқа материалдарды жібермеуге, жарияламауға, бермеуге, шығаруға немесе таратпауға;
5.2.23. Байланыс операторының желілік ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу деректерін болдырмауға, желілік шабуылдар мен желілерді бұзу немесе оларға қатысуға, оның ішінде келесілерге бағытталған әрекеттерге жол бермеуге:
– Абонентке тиесілі емес Байланыс операторының (компьютерлердің, басқа жабдықтардың немесе бағдарламалық жасақтаманың) желілік элементтерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзуға;
– артықшылықпен рұқсатты (компьютерге, басқа жабдыққа немесе ақпараттық ресурсқа), сондай-ақ осындай рұқсатты (Абонентке тиесілі емес бағдарламалық жасақтаманы немесе деректерді жою немесе түрлендіру) осы бағдарламалық жасақтама иелерінің немесе осы ақпараттық рессурстардың меншігіндегі әкімшілерінің келісімісіз пайдалануға;
5.2.24. Байланыс операторының меншігіндегі Жабдықтың (сондай-ақ оның кез келген бөлігі) бүлінуі, жоғалуы, немесе ұрлануы кезінде немесе жабдыққа кез келген зақым келтірілген жағдайда дереу Байланыс операторына жазбаша түрде хабарлауға; Жабдықтың кездейсоқ жарамсыз болу және кездейсоқ зақымдану қаупі Абонентке Жабдықты пайдалану үшін нақты берілген сәттен бастап және оны Оператор бөлшектегенге дейін ауысады. Жабдық жоғалған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, Абонент Байланыс операторына жабдықты қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген жабдықтың толық құнын, ал егер жабдық бүлінген болса, Байланыс операторына жабдықты жөндеуге жұмсалған соманы өтеуге немесе жабдықты өз күшімен өз қаражаты есебінен жөндеуді қамтамасыз етуге міндетті;
5.2.25. Шарт бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін Байланыс операторының жазбаша келісімісіз басқа тұлғаларға бермеуге;
5.2.26. Байланыс операторына бір ай ішінде өзінің шартты бұзутелефон қойылған тұрғын үй-жайларды сатылатыны, тегінің, атының, әкесінің атының немесе мекенжайының өзгергені туралы ақпаратты хабарлауға;
5.2.27. Қызметтерден бас тартқан жағдайда, байланыс операторына Шартты бұзу күніне дейін көрсетілген қызметтер үшін ақысын төлеп, ол туралы Байланыс операторына жазбаша түрде хабарлауға;
5.2.28. байланыс қызметтерін ішінара/таңдап ажырату немесе Шартты бұзу және/немесе оның қолданылуын тоқтатқан жағдайда, он (10) жұмыс күні ішінде, Абонентке уақытша иеленуге және пайдалануға берілген жабдықты қайтару немесе Байланыс операторына Жабдықты бөлшектеуді қамтамасыз ету. Байланыс операторымен Жабдықты бөлшектеу Байланыс операторының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Жабдық жақсы жағдайда болуы керек. Егер Абонент Жабдықты Байланыс Операторына белгіленген мерзімде қайтаруды қамтамасыз етпесе, немесе Жабдық нашар жағдайда қайтарылса, Абонент байланыс операторына келтірілген барлық шығынды өтеуге міндетті, сонымен қатар Жабдықтың операциялық функцияларын қалпына келтіруге және/немесе жаңа тиісті Жабдықты сатып алуға арналған шығындарды өтеуі қажет.
6. Байланыс операторының құқықтары мен міндеттері
6.1. Байланыс операторы құқығы:
6.1.1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Абоненттің сақтауы тиіс міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
6.1.2. көрсетілген Қызметтер үшін төлемді уақтылы және толық көлемде алуға;
6.1.3. Абонент жабдықты пайдалану, телекоммуникация желісінде сертификатталмаған жабдықты пайдалану ережелерін бұзған, сондай-ақ алдын-алу және жоспарланған жұмыстар кезінде, апаттық жағдайда немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қызметтерді көрсетуді тоқтатуға немесе шектеуге;
6.1.4. Абонент Шарт талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ Қызметтерге уақтылы төлем жасамаған жағдайда, тиісті хабарламадан кейін Абоненттің телекоммуникация желілеріне кіруін тоқтата алады; телекоммуникация желілеріне қосылуды қалпына келтіру Абонент ақысын толық көлемде төлегеннен кейін немесе Шарт талаптарының бұзылуы жойылған жағдайда жүзеге асырылады; сонымен бірге Қызметтерді ұсынуды тоқтату, Абонентті осы Шартта белгіленген төлемдерді (телефон, Интернет және т.б. үшін абоненттік төлемдерден) Байланыс операторымен есептелген және Абонентке Қызметтерді алғанға дейін төлеуге ұсынылған төлемдерді төлеуден босатуға рұқсаты болмайды;
6.1.5. Абоненттің телекоммуникация желісіне қол жетімділігі тоқтатылған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Абонентке Шарттың алдағы уақытта бұзылуы туралы хабарлама жіберуге және хабардар еткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін Шартты орындаудан біржақты түрде бас тартуға;
6.1.6. Абонентке Қызметтерді ұсыну шарттарының өзгергені, берешектің бар екендігі, төлем жасау қажеттілігі, өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы және т.б. туралы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен (Абоненттің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама, электрондық пошта мекенжайына хабарлама, жеке кабинетке хабарлама жіберу арқылы) хабарлауға;
6.1.7. абоненттік терминалдар мен байланыс құралдарына техникалық тексеру жүргізуді жүзеге асыруға;
6.1.8. сәйкестік сертификаты жоқ ақаулы абоненттік терминалдарды өшіруге;
6.1.9. Шартты бұзған жағдайда Абонентке бұрын бөлінген ресурстарды өз қалауы бойынша пайдалануға;
6.1.10. осындай өзгерістер туралы хабарламаларды өзінің www.btcom.kz сайтында өзгерістер күшіне енген күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жариялау арқылы Қызметтерді ұсыну шарттарын, тарифтерді, төлем мерзімдерін, Қызметтер тізімін, түрлері мен құрамын және Шарттың басқа да талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге;
6.1.11. Абонентке Қызметтерге пайдаланылмаған ақша сомаларын қайтаруға; егер Абонент белгіленген мерзімде Жабдықты Байланыс операторына қайтармаса, берешекті өтемеген жағдайда, сондай-ақ Абонент Байланыс операторына кез келген залал келтірсе, Қызметтер үшін алдын-ала төленген, бірақ пайдаланылмаған ақшаны берешектерді және/немесе Жабдықтың құнын төлеу үшін, сондай-ақ Байланыс операторына келтірілген өзге залалдың өтеу үшін пайдаланады;
6.1.12. Абонент тарапынан қажетті жұмыстарды толық төлегенге дейін немесе осы Шарттың басқа бұзушылықтары жойылғанға дейін Абонентті Қызметтерге қоспауға;
6.1.13. Осы Шартты орындау, қызметтерді көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсаттарында Абоненттердің жеке деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;
6.1.14. Абонент осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген мерзімде берешегін төлемеген жағдайда, кешіктірілген әр күн үшін берешек соманың 0,5% мөлшерінде төлемді кешіктіргені үшін өсімақы есептеуге, бірақ әр кешіктірілген шот бойынша 30 күн үшін төлемнен аспауы керек;
6.1.15. туындаған берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы немесе Шарттың алдағы уақытта бұзылуы туралы кез келген қол жетімді тәсілмен Абонентке хабарламалар жіберуге. Шартты бұзу Абонентті пайда болған берешек пен өсімақы сомасын төлеуден босатпайды;
6.1.16. Абонент Қызметтерге төлем жасау бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, туындаған берешектерді өндіріп алу үшін үшінші тараптарды тартуға. Бұл жағдайда Абонент Байланыс операторымен Абонент туралы ақпаратты, оның ішінде Абоненттің жеке деректерін, Абонентке көрсетілетін қызметтер туралы деректер және олардың құны, берешек сомасын, Абоненттің берешегін растайтын құжаттар мен берешекті өндіріп алуға қажетті басқа ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келіседі;
6.1.17. Абоненттің Шарт талаптарын бұзуы нәтижесінде келтірілген шығындардың орнын толтыруды талап етуге, сондай-ақ Абонент бұзушылықтарды жойғанға дейін және/немесе Шартты біржақты бұзуға дейін Байланыс операторына тиесілі Жабдықты алуға;
6.1.18. Абонент Байланыс операторына жүгінген кезде телекоммуникация қызметтерінің жинағын өзгерту немесе наразылық білдіру, сондай-ақ анықтамалық ақпаратты алу мақсатымен Абоненттің телефонограммаларын есепке алуға; Абонент Байланыс операторының қызметіне байланысты емес мәселелер туралы бірнеше рет өтініш берген жағдайларда немесе Байланыс операторының қызметкерлеріне сыйластық білдірмеген жағдайларда, Байланыс операторы Абоненттің анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуге қол жетімділігін шектеуге құқылы;
6.1.19. егер Абонент осы Шартта және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған негіздер бойынша осы Шарт бұзылғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде өзінің жеке шотындағы ақша қалдығын қайтару туралы талаптарын жазбаша түрде білдірмеген болса, Байланыс операторының кірісі есебіне Абоненттің жеке шотынан ақшаны алуды жүзеге асыруға;
6.1.20. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.
7.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін, Тараптар осы Шарттың ережелеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
7.2. Байланыс операторы жауапты:
1) өзінің желісіндегі жабдықты қамту аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін Қызметтердің сапасына;
2) егер Абонент алдына кінәсі болса, Қызметтер көрсетілмеген кезең үшін ай сайынғы абоненттік төлем мөлшерінде өзінің серверлік жабдығының дұрыс істемегеніне;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес үшінші тұлғалардың мұндай ақпаратқа тиісті өкілеттіктері болған жағдайларды қоспағанда, Абонент туралы қызметтік ақпаратты үшінші тұлғаларға жариялағанына.
7.3. Байланыс операторы жауапты емес:
1) Абоненттің Қызметтерді пайдалану нәтижесінде келтірілген және Абоненттің және/немесе үшінші тұлғалардың кінәсінен туындаған кез келген шығындарға;
2) еңсерілмейтін күштер жағдайларымен туындаған Абоненттің шығындарына және (немесе) оның жұмысындағы үзілістерге;
3) Байланыс операторына тиесілі емес жабдықтың және/немесе бағдарламалық жасақтаманың дұрыс жұмыс істемеуі жағдайында Қызметтерді көрсетудегі үзілістерге;
4) Абоненттік жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі нәтижесінде Абоненттің өзінің жеке ақпаратының жоғалуына;
5) үшінші тұлғалар әкімшілік ететін Интернет желісінің жекелеген сегменттерінің жұмыс істеуі және қол жетімділігі үшін; Байланыс операторы Интернет желісі арқылы уақытша немесе тұрақты түрде қол жетімді емес тораптармен немесе серверлермен ақпарат алмасу мүмкіндігіне кепілдік бермейді;
6) Қызметтерді алу үшін пайдаланылатын Абоненттің жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, зиянды бағдарламалардың шабуылы нәтижесінде бағдарламалық жасақтама мен жабдықтың қауіпсіздік жүйесін бұзғанына;
7) Абонент берешекті төлемеген жағдайда, Қызметті көрсетуді тоқтатқанына;
8) аутентификация/авторландыру деректері мен Абоненттің сәйкестендіру/тіркеу кодын үшінші тұлғалардың деректерді жіберу желісінде жұмыс істеу, Қызметті алу үшін пайдалануы нәтижесінде Абонент пен үшінші тұлғалар арасында туындаған даулар бойынша және Абонент пен үшінші тұлғалар арасында мұндай даулар туындаған болса, оларды шешпейді;
9) Абонентке жұмыстарды жүргізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын осындай жұмыс туралы алдын-ала ескертілген жағдайда, Байланыс операторының жұмыс қабілеттілігін және техникалық құралдарды дамыту қажеттілігінен туындаған жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа жұмыстарды ауыстырумен байланысты Қызметтерді көрсетуге толық немесе ішінара үзілістерге;
10) Байланыс операторына тәуелсіз қызметтерді көрсетудегі үзілістерге;
11) Абонент үшін телефон байланысы арқылы алған Байланыс операторының нұсқауларын қате орындау нәтижесінде туындаған Абонент үшін қалаусыз болу мүмкін салдарларға;
12) Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасына, Қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзғанына немесе Абоненттің абоненттік жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі және/немесе сәйкес келмеуі Абоненттің пайдалану салдарынан Қызметтерді көрсетудегі үзілістерге;
13) басқа байланыс және теледидар операторлары көрсеткен қызметтердің сапасына;
14) Қызметтерді пайдалану кезінде Абонент берген (алған) ақпараттың мазмұнына;
7.4. Абонент жауапты:
1) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауға;
2) оған көрсетілген Қызметтер үшін уақытылы төлем жасауға;
3) аутентификация деректерін және Абоненттің сәйкестендіру/тіркеу кодын үшінші тараптардың пайдалануына;
4) SIP-аккаунтын тек Абоненттің тіркеу мекенжайы бойынша пайдалануға;
5) алынған деректерді бейнебақылау арқылы, оның ішінде оны заңсыз пайдалану кезінде таратуға;
6) Абонентке пайдалануға берілген Байланыс операторының жабдықтарын ақаусыз күйде және тиісінше күйде уақтылы қайтарып беруге жауапты, әйтпесе Абонент жабдықтың құны мөлшерінде келтірілген залалды Байланыс операторына өтейді.
7.5. Тараптардың құқықтарын шектейтін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де жолмен бұзатын іс-әрекеттер жасауға Тараптарға тыйым салынады.
7.6. Байланыс құралдары мен желілерінің жағдайы үшін жауапкершілік олардың қызмет көрсету бөлігінің (пәтер, ғимарат, қоршалған аумақ және т.б.) және/немесе теңгерімдік иелену шекараларымен анықталады. Бөлік шекарасына дейін байланыс желілеріне қызмет көрсету Абонентпен өз бетімен және өз есебінен, бөлік шакарасынан тыс – Байланыс операторы күшімен жүзеге асырылады.
7.7. Жауапкершілікті айқындау аймағы (демаркациялық нүкте), жалпы жағдайда, GPON технологиясын қолдана отырып қызметтерді қосу кезінде – оптикалық кабельді (патчкорд) қосу үшін ONT порты, ADSL технологиясын қолдану кезінде – ADSL порты болып табылады.
7.8. Осы Шартты орындау кезінде туындаған даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.
7.9. Егер дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, тараптар осы дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешеді.
8.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл міндеттемелерді орындамау осы Шарт жасалғаннан кейін туындаған оны Тараптар алдын ала болжай алмайтын, алдын ала алмайтын, еңсерілмейтін жағдайларының салдары болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Еңсерілмейтін күштер жағдайлары (форс-мажор) төменде берілген оқиғаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, басқа да табиғи апаттар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, жоспарланған және жоспардан тыс электр энергиясының өшуі, Тараптардың біреуі үшін Шарт талаптарын орындауға кедергі келтіретін немесе тыйым салатын, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдері, әскери әрекеттер, лаңкестік әрекеттер, ереуілдер заңнамада белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де жағдайлар.
8.3. Жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгені осы Шарттың орындалуына әсер еткен жағдайда, онда осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күштер жағдайлары орын алатын кезеңге жылжытылады. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін форс-мажорлық жағдайлардың басталуы мен аяқталуы туралы бір-бірін дереу жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайларына сүйенген тарап (қажет болған жағдайда) оларды растау үшін уәкілетті ұйым немесе құзыретті мемлекеттік орган берген тиісті құжатты ұсынуы керек. Егер екінші тарапқа форс-мажор жағдайлар орын алғаны туралы келісілген мерзімде хабарланбаса, тарап бұдан әрі форс-мажор жағдайларына сүйенуге құқылы емес және осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды.
9.1. Қызметтерді көрсету тиісті өтініште көрсетілген күннен бастап тоқтатылады, ал Байланыс операторы жабдықты жауапты сақтау немесе жалға беру шарттарымен ұсынған жағдайда, Жабдықты тапсырған күннен бастап тоқтатылады.
9.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, оның ішінде Байланыс операторының сайтында орналастырылған Қызметтерді көрсету шарттарындағы алдағы өзгерістер туралы хабарламалар Абонент жарияланған (орналастырылған) күні алынған болып саналады.
9.3. Осы Шарттың талаптарына қосыла отырып, Абонент осы Шартты орындау және телекоммуникациялық қызметтерді және/немесе Байланыс операторының және (немесе үшінші тұлғалардың, Байланыс операторымен және (немесе) Абонентке үшінші тұлғамен, үшінші тұлғаларға Байланыс операторымен көрсетілетін қызметтерді қоса, бірақ олармен шектелмейтін басқа да қызметтерді ұсыну мақсаттарында жеке ақпаратты жинауға және өңдеуге, оның ішінде Байланыс операторына және/немесе үшінші тұлғаларға қажет болатын Абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауға және пайдалануға келісімін береді; көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануды/қанағаттанбауды анықтауға бағытталған сауалнамалар мен зерттеулер жүргізу; Абонентке ұсынылатын қызметтер, өткізілетін науқандар, іс-шаралар және т.б. туралы хабарлау; дебиторлық берешекті өндіріп алу; Байланыс операторына қатысты; осындай келісімге қажеттілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге мақсаттар мен жағдайларда шағымдарды қарастыру. Абонент мұндай келісімді қайтарып алған жағдайда, Байланыс операторы Абонентке Қызметтерді толығымен немесе ішінара көрсетуді тоқтатуға құқылы.
9.4. Байланыс операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және осы Шарттың талаптарын ескере отырып, Абонент ұсынатын ақпаратқа қатысты құпиялылықты қамтамасыз етеді.
9.5. Осы Шартта көзделмеген барлық басқа жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
10.1. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5 үй
БСН 031040000631
ЖСК KZ206017131000022031
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-дағы
БСК HSBKKZKX