Сіздерді кәсіби мерекеміз - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! 2020 жыл - ғылыми болжаланбаған, күтпеген кенет өзгерістер жылы. Біздің индустрия, байланыс- адамзат қоғамы үшін өмірлік маңызы зор қызмет түріне жатады. Байланыстың, пайдалы ақпараттардың берілуін қамтамасыз ететін технологиялардың дамуы арқылы адамзат білім мен экономиканың дамуында маңызды жетістіктерге жетуде. Байланыс қызметкерлері әрқашан ізденіс және жоғары даму жолында болады. Ақпараттың алғашқы хабарламаларының белгілерi (суреттер, петроглифтер, дауыс белгілері, өрт белгілері) болды, адамдар жануарлар мен құстарды бағындырды, олар пайдалы ақпаратты тарату үшін «көлік ортасы» ретінде қолданды. Байланыс қызметкерлері – халыққа әрбір ақпараттың, жаңалықтың уақтылы, сенімді әрі сапалы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда халық өзін-өзі оқшаулау кезеңінде байланыс қызметкерлері еліміздің жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуіне атсалысуда. Біздің қызметкерлеріміздін жауапкершілігі жоғары болды, әрқайсымыз өзіміздің мамандығымыздың қажеттілігі мен маңыздылығын сезіндік. Барлық байланыс және ақпарат қызметкерлеріне, отандастарымызға ашық аспан, бейбіт омір, балаларға [...]