Құрметті ” BТcom  infocommunications ” ЖШС абоненттері!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес ел аумағында 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағат кері шегеріледі.

   Осыған орай, 2024 жылдың 29 ақпаны сағат 23:50-ден 1 наурыз 1:00-ге дейін «BTcom infocommunications» ЖШС желісінде жұмыстар жүргізілетін болады. Жұмыс кезінде 30 минутқа дейін байланыс үзілуі мүмкін.