Құрметті абоненттер!
Компания атынан жасалатын алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлаймыз.
Алаяқтар қоңырау шалып, мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде хабарлама жазып, өздерін компания қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді, растау кодтарын, құпиясөздерді сұрауы немесе күмәнді сілтемелерге өтуді ұсынуы мүмкін.
Сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
SMS-кодтарды, құпиясөздерді және жеке деректерді бөгде адамдарға хабарламаңыз;
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
ақпаратты тек компанияның ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз.
Компания қызметкерлері абоненттерден ешқашан SMS-хабарламалардағы арнайы кодтарды, құпиясөздерді және басқа да құпия деректерді сұрамайтынын ескертеміз.
Күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда компанияның қолдау қызметіне хабарласыңыздар:
📞 Алматы: +7 (727) 2777-000 📞 +7(727) 2777-888
Сақ болыңыздар және жеке деректеріңізді қорғаңыздар!