Құрметті абоненттер!
«BTcom infocommunications» ЖШС 2026 жылғы 4 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «TV Commerce» ЖШС және «Қазтелерадио» АҚ жабдықтарында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Аталған уақыт аралығында «KazSat-3» спутнигі арқылы таратылатын кейбір немесе барлық телеарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін телеарналардың хабар таратуы толық қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Байланыс орталығына төмендегі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
Алматы қ.: +7 (727) 2777-888, +7 (727) 2777-000.
Астана қ.: +7 (7172) 688-900.
Құрметпен,
«BTcom infocommunications» ЖШС